Azure сақтау тіркелгісін жасау

Microsoft Azure жүйесінде Azure SQL дерекқорымен жұмыс істеу үшін және орналастыру скрипттері үшін сақтау тіркелгісін жасау қажет.

Сақтау тіркелгісін жасау үшін:

  1. Azure порталына кіріңіз.
  2. Сол жақ тақтадан Сақтау тіркелгілері тармағын таңдап, Сақтау тіркелгілері терезесіне өтіңіз.
  3. Сақтау тіркелгісін жасау терезесіне өту үшін Сақтау тіркелгілері терезесінде Қосу түймесін басыңыз.
  4. Сақтау тіркелгісін жасау үшін барлық қажетті өрістерді толтырыңыз:
    • Орналасқан жері: Басқару серверінің орналасқан жеріне (географиялық аймаққа) сәйкес келуі керек.
    • Басқа өрістер: әдепкі бойынша көрсетілген мәндерді қалдыруға болады.

    Әрбір өріс туралы ақпарат алу үшін кеңестерді пайдаланыңыз.

    Сақтау тіркелгісін жасағаннан кейін, сақтау тіркелгілері тізімі көрсетіледі.

  5. Сақтау тіркелгілері тізімінде, ол туралы ақпаратты көру үшін, жасалған тіркелгіні бөлектеңіз.
  6. Тіркелгінің атауын, ресурстар тобын және сол сақтау тіркелгісінің қатынас кілттерін білетіндігіңізге көз жеткізіңіз. Бұл деректер сізге Kaspersky Security Center-мен жұмыс істеу кезінде қажет болады.

Анықтаманы Azure веб-сайтында қарауға болады.

Егер сізде сақтау тіркелгісі болса, оны Kaspersky Security Center-мен жұмыс істеу үшін пайдалануға болады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Бұлтты ортада орналастыру

Басына оралу